Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл ШҚО-ның кей аудандарында жаңа хауыздар пайда болады

25 метрлік сегіз жүзу жолақтары бар хауыз құрылысы Курчатовта аяқталып қалды

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Курчатовта салынып жатқан жабық бассейннің сапасына жоғары баға беріп, мұндай спорттық нысандар облысымыздың өзге елді мекендерінде де болуы керек екенін айтты.

Айта кетейік, алдағы уақытта Курчатов қаласында жаңа бассейн пайдалануға берілмек. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен мемлекетті-жекеменшік əріптестік аясында салынып жатқан спорттық нысанның құны шамамен 117 миллион теңгені құрапты. Облыс əкімі бұл өте тиімді баға екенін айтты.

- Əдетте мұндай бассейндердің құрылысына үш есе көп қаражат жұмсалады. Сондықтан бұл тамаша жоба екенін айтқым келеді. Нысанның сапасы да ойдағыдай. Мердігер компания келіссе, біз дəл осындай бассейндердің тағы алтауына тапсырыс беруге дайынбыз. Неге десеңіз, жобаның құны ұнап тұр. Негізі, осы тəріздес бассейндердің құрылысына 300 миллиондай теңге көлемінде қаражат кетеді, - деді облыс əкімі нысанды аралау барысында.

Осы ретте Курчатовтағы жүзу бассейнінің ұзындығы - 25, ені - сегіз, ал тереңдігі 1,6 метрді құрайтынын айтқан абзал. Спорттық ғимараттың құрылыс жұмыстарына "BuildupCompany" компаниясы жауапты.





Следующая →