Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да шекара әскерлері қызметіне қабылдау жүріп жатыр

Іріктеуден өткен үміткерлерге тұрақты жалақы мен толық әлеуметтік пакет беріледі

ҰҚК шекара қызметінің 2034 әскери бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Халық қатарынан үміткерлер - ҚР Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет өткерген азаматтар өтініш бере алады. Келісімшартқа отырған қызметкерлерге тұрақты жалақы, толық әлеуметтік пакет - ақы төленетін демалыс, медициналық қамтамасыз ету, зейнетке 47 жылға шығу мүмкіндігі беріледі.

Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха аудандарында, Риддер, Алтай (Зырян) және Өскемен қалаларында әскери қызмет өткеру мүмкіндігі бар.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: жасы – 19-дан 30-ға дейін, орта білімді, денсаулық жағдайы жақсы, үміткердің және оның жақын туыстарының соттылығының болмауы. Жоғары, техникалық, арнайы білімнің, спорттық разрядтардың болуы, зиянды әдеттердің болмауы құпталады.

Мына мекенжай және байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Чернов көшесі, 118 (ММС ауданы). Байланыс телефондары: 29-30-33, 29-30-12. Қоңыраулар жұмыс күні ішінде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Следующая →