Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

"Самал" демалыс саябағын қоқыс басқан

Демалыс аймағына жақын маңда құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан "Өскемен Тәртіп" коммуналдық қызметі қалдықтарды дер кезінде жинап үлгермей жатыр

Өскемен қаласының тұрғындары "Самал" саябағы маңында шашылып жатқан қоқыс пен жиналмаған дәретханаға шағымдануда.

Қазір саябақ аймағы абаттандырылуда. Жақында бұнда бірнеше воркаут пен роллер алаңдары қойылып, скейт-парк жасақталады.

- Ұлымды алып демалуға келгенмін. Аймақтың абаттандырылғанына қуанып қалдық. Бірақ су жағасына келіп, жағамызды ұстадық. Тұрғындар кәуап пысырып, қоқыс қалдықтарын жинамайды. Дәретханаға кіру мүмкін емес, - дейді қала тұрғыны Марина.

Ең сорақысы демалыс аймағын өзге емес, демалуға келген адамдардың өздері ластайды. Бірақ қоқысты жинауға жауапты коммуналдық қызметтер де шашылған қоқысты тазартуға асықпайды.

- Қазір саябақты ары қарай абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, - дейді "Өскемен Тәртіп" коммуналдық қызметінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский. - Қызметкерлер тазартып үлгермей жатыр. Бірақ 1 маусымда барлық жұмыстар аяқталады.

Мекеменің баспасөз қызметі мекемеде сенім телефоны бар екенін еске салады: 53-25-77.

Следующая →