Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО құтқарушылары әуеден өртті сөндіру дайындығын тексерді

Мұндай оқу-жаттығулар мамандардың дағдыларын бекіту және техниканы тексеру үшін жылына екі рет өткізіледі

Құтқарушылар орман-дала өрттерінің шыңындағы қиын учаскелердегі өртке жете алмайды, кейде жерден өртті сөндіруге мүмкіндік жоқ. Мұндай жағдайларда көмекке "Қазавиақұтқару" ұшқыштары келеді. Су ағызу құрылғысы бар тікұшақ жергілікті жерге ұшып шығады, деп хабарлаййды Устинка LIVE тілшісі.

Конструкцияға үш тоннаға дейін су сияды.

- Су-ағызу құрылғысы көбіне таулы жерлерді сөндіруге немесе орман алқабында қатты өрт кезінде пайдаланылады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Құрылғы механизмі бір қарағанда қарапайым, бірақ оны бекіту мен орнату экипаждың нақты жұмысын және өзара іс-қимылын талап етеді. Бұл әуе кемесіне жердегі қызмет көрсету инженерлері ұшқыштармен бірге су ағызатын құрылғыны іске қосу үшін аспанға ұшқан жағдай.

Инженерлердің міндеті қондырғыны барынша тез орнату, қалған күрделі жұмыс ұшқыштарға қалады: су алу, уақыт пен координаталарды есептеу, берілген шаршы метрді сөндіруге суды мақсатты құю.

- Құтқару ісіндегі тағы бір маңызды құрылым - ағытқыш жүкарба болып табылады, - деп түсіндірді ведомство мамандары. - Оны көбінесе құтқарушылар қол жетімділігі қиын жерден адамдарды эвакуациялау кезінде қолданады. Бұл құрылғы 500 кг дейін жүкті көтере алады.

Әдетте, ағытқыш жүкарба көтергіш тікұшақтарда, біздің аймақта негізінен Ми-171-ге бекітіледі. Арқанды 100 метрлік биіктіктен түсіру және көтеру оңай емес, осындай сәттерде пысықталатын міндетті білім мен тәжірибе қажет.

- Дәл осындай нормативтермен "Қазавиақұтқару" тәжірибелі ұшқыштары өздерінің біліктілігін дәлелдейді және олардың жұмысын 15 000 рет әуеге ұшқан эскадрилья командирі Сергей Корольков әр жолы мұқият бақылап, бағалайды. Бұл жолы ұшқыштар Евгений Гончаров пен Игорь Подлипалиннен "кәсібилікке емтихан" қабылданды, екеуінің де ұшу өтілі 20 жылдан асады, - деп хабарлады ведомствода.


Следующая →