Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскемендегі жерді заңсыз сатқан кім?

Өскемен қаласының 19-шы шағын ауданындағы мемлекеттік бағдарламамен көпқабатты үйлер салынатын жер телімдері заңсыз сатылып кеткен

Мұны облыс әкімі Даниал Ахметов айтып отыр. Шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйлердің жобасымен, жай-жапсарымен танысуға барған аймақ басшысы заңсыздықтарды көріп, жаға ұстап қайтты. Әсіресе, ықшам ауданның миллиардтаған қаржы жұмсалып инфрақұрылымы тартылған жер телімдері жеке кәсіпкерлерге сатылып кеткендігі ашуына тиген.

- Оның ішінде жалдамалы тұрғын үйлер салынады деп жоспарланған жер телімдері де бар. Ал оның барлығы жеке кәсіпкерлердің қолына өтіп кеткен. Инфрақұрылым желілерін тарту үшін қазынадан өте қыруар қаржы бөлінеді, оны салу оңай емес. Сонда талай қаржының мақсатсыз жұмсалып, көкке ұшқаны ма?! - дейді аймақ басшысы.

Бұл жер телімдерінің ішінде әлеуметтік нысандарды салуға арналған учаскілер де бар екен.

- Бұған жауаптыларды табу керек. Жер телімдері қай қала әкімі кезінде сатылып кеткендігін анықтауымыз қажет. Одан кейін, шағын ауданның жобасын жасаған институттар да тексерілуі тиіс, - дейді Даниал Ахметов.

Шағын ауданның бұдан басқа да былықтары шаш етектен. Салынған үйлердің сапасы сын көтермейтіні былай тұрсын, оның орналасуы да көңілге күдік орнатады. Өйткені тау етегіне салынған тұрғын үйлер кейпі бей-берекет, шашылып жатыр. Таудың сай-саласы мен қыр-беткейін өлшеп-тамап, ұйыстырып үй салу деген ешкімнің де ойына келмеген. Ал кей тұрғын үйлер таудың етегін қазып тұрып салынған екен.

- Ондай үйдің іргесін қар үйіліп, тұрғындардың одан әрі мазасын қашырмай ма?! - деп зекіді облыс әкімі.

Ал мұндай масқараның шешімі мен жазасы қандай болмақ белгісіз күйде қалып отыр.

Следующая →