Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Арбадағы мүгедек жан дүкендерге ене алмай қиналды

Содан кейін Өскемен қаласындағы дүкендерге кіру үшін мүгедектерге мүлдем жағдай жасалмаған деген ойға келді

Гагарин бульвары мен Назарбаев даңғылы, Қазыбек би даңғылындағы сауда үйлері мен гастрономдарына барып, есігінен кірмек болған арбадағы мүмкіндігі шектеулі жан Михаил Туров қатты қиналып қайтты. Төрт сауда үйінің тек біреуіне ғана кіре алды, оның үстіне бірінші қабаттан кері қайтуына тура келді.

- "Рахат" дүкеніне кірмек түгілі табалдырығына да жете алмадым. Өйткені пандусы өте биік, тіпті, көмекшім де итеріп көмектесе алмады, - дейді Михаил Николаевич.

Ал "Валентин" сауда үйіне кіру үшін мүлдем пандус таба алмай таңқалды. Сауда үйінің табалдырығына келді дегеннің өзінде есігінен ары өте алмады. Өйткені бірінші қабатқа көтерілу үшін басқышпен көтерелу керек, ал пандус атымен жоқ.

Ал қалған екі нысанның тек біреуіне ғана кіруге мүмкіндік болды. Оның өзінде де көмек керек, сауда үйінің есігіне кіру үшін пандуспен бұрылып барып ену керек. Ал оны кез келген жан жасай алмасы анық.




Следующая →