Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддерде Жигули көлігін тонап кеткен

7 мамыр күні 62 жастағы қала тұрғыны ВАЗ 2106 маркалы автокөлікті белгісіз біреулердің айдап кетпек болғандығы туралы полицияға хабарлаған

Егде жастағы ер адамның пайымдауынша, екі бейтаныс адам алдымен автокөлікті оталдырмақ болған, бірақ ойлаған істері жүзеге аспаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Риддерліктің айтуынша, ұрылар сонда да көлікті итеріп, оны оталдырмақ болған. Ол істері де сәтті болмаған соң, зиянкестер көлік капотын ашып, аккумуляторды шығарып алған. Содан кейін олар салоннан кәріс магнитофонын алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Тәртіп сақшылары ұрылардың ізін суытпай ұстаған. Ұсталған 21 және 22 жастағы жастар өз әрекетін мойындаған.

- Полицейлер автокөліктен ұрланған заттарды күдіктілерден тауып, тәркіледі, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы "Көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Енді жігіттерге үш мың АЕК (7 млн 575 мың теңгеге дейін) көлемінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, мүлкін тәркілеумен бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру қаупі төніп тұр.

Следующая →