Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмыстан шығарылуы мүмкін

Сәлем-сауқат, орамахат немесе басқа да жүк пен дорба-сөмке алған жолсеріктері жұмыстан қуылуы мүмкін

Мұны "Темір жол жолаушылар тасымалы" компаниясының өзі мәлімдеп отыр. Компания басшылығының айтуынша, жолсеріктердің тасымал қызметімен айналысқаны заңсыз әрі қауіпті. Ал сәлемдемені жолсеріктен салып жібермей, "Қазпоштамен" жолдауға кеңес береді.

- Жүктің аман-есен жететіндігіне жолсерік те, компания да жауап бермейді. Сондықтан жолсеріктен беріп жіберген сәлемдеме заңсыз болып табылады. Одан бөлек, мұндай жолжүк пен сәлемдемелерді қабылдаған жолсеріктерге жаза қолданылып, жұмыстан шығарылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Темір жол жолаушылар тасымалы" АҚ.

Ал жүк алып кетпек болған жолсеріктерді көрген жандар болса, фото не видеоға түсіріп, компанияның байланыс нөмірін жолдауға болады. Одан бөлек, тасымалдау-
шы компания пойызға отырған жолаушының өзімен бірге салмағы 35 келіден, биіктігі 200 сантиметрден аспайтын жүкті тегін алып жүре алатындығын ескертті. Алайда тальго пойызына отырғандарға біршама аздау жүк алуына тура келеді, яғни, салмағы 25 келіден аспауы керек.

Ал бұдан үлкен жүктерді жүк пойызымен апаруға болады. Ондай маршруттар саны - 12. Өкінішке орай, бұл маршруттардың арасында Шығыс Қазақстанның Семей мен Өскемен қалаларынан аттанатын пойыздар жоқ.

- Сәлемдемені "Қазпоштамен" жіберейік десек, бір апта уақыт кетеді. Алматы қаласында қызым оқып жатыр. Оған тамақ салып жіберу үшін "Қазпоштаға" жүгінуім керек пе? Ол жеткенше тамақ та бұзылып кетпей ме?! Одан да пойыздың өзінде жүк таситын арнайы қызмет болу керек сынды. Сонда барлығы заңды болмақ, - дейді қала тұрғыны Гүльмира Әлібекқызы.


Следующая →