Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Орманды өрттен қорғауға дайынбыз ба?

Елдегі орман алқабының басым бөлігі шығыс өңірінде жатыр. Бір жағынан, бұл мақтаныш болса, екінші жағынан жауапкершілік

Әкімшілік шекарасының аумағы 28 млн гектарды құрайтын Шығыс Қазақстан облысының 3,5 млн гектарын орман алып жатыр. Орман алқабының көбі тау-
лы жерде орналасқан, сондықтан оны өрттен қорғаудың өзі қиындау. Былтыр жазға салым Семей маңындағы қарағай орманы өртеніп, 250 гектар жер жойылып кеткен еді. Одан кейін, Бесқарағай мен Ұландағы қарағай орманындары да отқа оранды.

Мамандардың айтуынша, қарағайлы орман табиғатынан тез тұтанқыш, өртке "құмар" келетін көрінеді. Өйткені қарағайдың діңгегі құрғақ, майлы шайыры көп, қабыршақты келеді. Оның үстіне, қарағайға найзағай да жиі түседі.

- Қарағай, көбінесе, тақыр, құмдауыт, тасты жерде өседі. Орманның іші ну тоғай сияқты бытысып жатпайды, тап-таза болады. Ал мұндай жерге өрт тез жайылады, - дейді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев.

Өлкедегі орман алқаптарында қарағай, самырсын, шырша, қайың сынды ағаштар өседі. Қылқан жапырақты ағаштардың өзі табиғатынан тау жағалай өсетіндіктен, өрт болған күннің өзінде оған техникамен жақындау өте қиын. Одан бөлек, орман шаруашылықтарының материалдық базасы да нашарлау. Бірақ қазір біршама жақсарды. Осыдан үш жыл бұрын материалдық базаның қажеттілігі жартысына да жетпейтін еді.

- 2017 жылы бюджеттен 701 млн теңге қаржы бөлініп, материалдық базаның қамтылу деңгейі 63%-ға дейін жетті. Бұл сомаға 13 сапалы техника, өрт сөндіру мәшіндері мен тракторлар, су сорғыш техникалар мен мотоциклдер алынды. Былтыр республикалық маңызы бар ормандардан басқа алқаптарда 19 өрт болып, 52 гектардай жер өртке оранды, - дейді Арман Нағашыбайұлы.

Ал өртенген ормандардың орнына көшеттер егіледі. Жыл сайын тәлімбақ аумақтарында 5 миллионға дейін көшет өсіріліп, оның 3 миллионнан астамы жерге егіледі.

- Биыл жастар жылына орай, біздің өңір атты "Жас өркен" бағдарламаны іске қосты. Яғни, сәуір-маусым айларында аудан-аудандарда 120 мың көшет егілуі тиіс. Қазірдің өзінде 80 мың көшет отырғызылды. Егілетін көшеттің көлемі бұдан да көп болады деген ойдамыз, - дейді маман.

Биыл орман өрттен тыныш. Күзге дейін бес айға жуық мерзім орман үшін өте қауіпті кезең. Қорықшылардың қызметі күшейтіліп, орманға кіруші адамдарға шектеу қойылады. Одан бөлек, таулы жерлерді тікұшақпен шолу жұмыстары да қолға алынбақ.

Следующая →