Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде тырысқақ дертіне шалдыққан қызды "құтқарды"

Облыс орталығында шын мәнінде инфекция жұқтырған жағдайда орындалатын іс-әрекет көрсетілді

“Өскемен-1” темір жол стансасында оқу-жаттығулар көрсетілді.

"Зырян-Өскемен" пойызының жолаушысы 26 жастағы Динара жолсерікке асқазанының ауырып тұрғанын айтады. Ол Үндістанға барып келгеннен кейін жағдайының күрт нашарлап кеткенін тілге тиек етеді. Өйтекені Үндістан - тырысқақ дертін жұқтыру қаупі жоғары аймақ. Жолсерік бұл жағдайды дереу пойыз басшысына хабарлайды. Ол рация арқылы машинистке хабарласып, машинист ақпаратты пойыз диспетчеріне жеткізеді. Ары қарай ерекше қауіпті инфекция бойынша күдік туған жағдайдағы карантиндік әрекеттер орындалады.

Нәтижесінде пойыз “Өскемен-1” темір жол стансасына жетпей тоқтайды. Науқас жатқан вагонға жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері кіреді.

- Біз алғашқы эпидемияға қарсы шаралар жасадық, - дейді Көліктегі қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің әуежайдағы санитарлы-карантиндік бақылау бөлімінің бас маманы Анар Сабырбаева. - Алдымен вагон есігін жауып, өзге жолаушыларға кіруге тыйым салдық. Науқасты оқшауландырып, тұзды ерітінді дайындап, зарарсыздандыру жүргіздік...

Осы уақытта №125 санитарлы-карантинді тұйық вагонның қарсы алуға дайындалуда.

Вагон жеткенде бойжеткенді зембілмен жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, дәрігерлер қажетті көмек көрсетеді.

Барлық операцияға 35 минут уақыт кетті.

Следующая →