Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұрақтандыру қорының бағалары "қымбаттап кеткен"

Кей тұрақтандыру қорындағы көкөністердің бағасы 72 теңгеден сатылып жатса, кей дүңгіршектерде 65 теңгеден сатылуда

Қала тұрғындарының айтуынша, тұрақтандыру дүкендерінде сатылатын көкөністің бағасы 65 теңгеден 72 теңгеге дейін өсіп кеткенін айтуда.

- Бағаны кәсіпкерлік бөлімі бекітіп береді. Бірақ сатушылар бермейді. Тегін пакетті де ешкім беріп жатқан жоқ. Сондықтан баға осындай, - дейді сатушылар.

Ал Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары кейбір дүңгіршектерде неге көкөністің бір келісі 72 теңгеден сатылып жатқанын түсіндіріп берді.

- Тұрақтандыру қорының өнімдері қала бойынша 80 сауда орнында сатылады. Оның ішінде 14-і сауда үстемесін қоспайды. Ал 66 сауда орнымен көкөністерді сатып алған бағаға 10%-дан артық қоспау жөнінде келісім бар. Сол себепті сауда орындарының кейбірінде баға 65 теңгеден, ал кейбірінде 72 теңгеден, - дейді бөлім басшысының орынбасары Олжас Құдайбергенов.

Айта кету керек, тұрақтандыру қорындағы көкөністер 15 мамырға дейін сатылымда болмақ.


Следующая →