Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғынынан 280 келі сазан тәркіленді

Күршім ауданының тумасы өзінің "Жигули" маркалы көлігінде 655 мың теңгеден астам сомаға заңсыз ауланған балықты алып бара жатқан

18 сәуір күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Уылдырық шашу-2019" жедел алдын алу шарасы кезінде тәртіп бұзушыны Өскемен-Самар тас жолында жүкпен тоқтатқан, ол осынша көлемді балықты тасымалдауға рұқсат беретін бірде - бір құжатты ұсына алмады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Күршім ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын заңсыз өндіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ мекеменің хабарлауынша, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде Семей қаласы ІІБ табиғатты қорғау полициясы инспекторы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және пайдалануға тыйым салынған моноталшықты синтетикалық желілерді сату фактісін анықтаған.

- Сатып алу кезінде Семей қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Одан ұзындығы 700 метр моноталшықты синтетикалық желі алынды, - деп түсіндірді полицейлер.

Енді жас адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша "Тауарлармен заңсыз сауда жасау" бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше , 16 сәуірден бастау алған "Уылдырық шашу-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары облыс бойынша 100-ден астам рейд өткізіп, заңсыз балық аулауға байланысты 92 заң бұзушылықты анықтады, сондай-ақ ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын заңсыз өндіру" бойынша сотқа дейінгі бір тергеу жұмыстары басталды. Құқық бұзушыларға айыппұл салынды, олар жалпы алғанда миллионнан астам теңге өтейтін болады.

Полиция Департаментінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында тыйым салынған балық кәсіпшілігі су айдындарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулау фактілерін анықтау бойынша тексерулер 31 мамырға дейін созылатынын атап өтті. Ол үшін облыс аумағында 19 мобильдік топ құрылды, автокөлікті тексеру бойынша 27 бекет қойылды және әр түрлі табиғат қорғау органдарының 70-ке жуық қызметкері жұмылдырылды.

Следующая →