/ Усть-Каменогорск и ВКО

Гагарин бульварында көлік қаққан бала көз жұмды

Бұл туралы бүгін әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі хабарлады
19 сәуір 2019 года, 13:27 1588 Екатерина Скударнова
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Скончался мальчик, сбитый вместе с матерью на бульваре Гагарина
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Устинка LIVE

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірі жариялағандай, белгісіз келіншек апатқа ұшыраған баланың өз ұлының сыныптасы болғанын және бүкіл сыныппен апат орын алған жерге гүл шоқтарын қоюға бармақ ниеттерін хабарлаған.

Ал ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы көлік қаққан баланың көз жұмғанын растады. 

- Баланың алған жарақаты ауыр болды, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек. - Бала ауруханаға жеткізілген уақытта жағдайы тым мүшкіл еді. Осы уақытқа дейін комада жатты. Жансақтау бөлімінде, аппаратпен тыныс алып жатты. Біздің дәрігерлер баланың жағдайына байланысты бірнеше рет Нұр-Сұлтан қаласының нейрохирургиялық орталығымен телемедицина арқылы кеңес жүргізді.

Оның айтуынша, бас жарақатынан өзге, баланың оң жақ жамбасы, 12-ші қабырғасы сынған, өкпесі соғылған. Жүргізілген интенсивті терапия мен жан сақтау шараларына қарамастан, өкінішке орай, бүгін таңертең баланың жүрегі тоқтап қалды.

Бұл апаттан баланың анасы да зардап шеккен болатын. Дәрігерлер келіншектің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады.


Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз