Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жала жабу ма әлде қол жұмсау ма?

Өскемендегі балалар үйінде тағы да шу шықты. Төрт жасар мүгедек баланың жамбасын сындырған тәрбиешілерге қатысты қылмыстық іс ашылды

Ал "маған нақақтан-нақақ жала жабылып отыр" деген балалар үйінің күтушісі Назым Исаева мекеме қызметкерлерінің баланы ұрып-соғуы онсыз да әдетке айналған деп отыр. Бала бағушы төрт жасар Арланның соққыға жығылғанын осыдан бір ай бұрын байқаған екен.

- Баланы таңертең жуындыру керек болатын. Баланың жамбас жағы көгеріп қалғанын сол кезде байқадық әрі дене қызуы да ыстық болатын. Мұны дәрігер мен директорға барып айттым. Ал кейін заңгерлер "мүмкін баланы сен соққан шығарсың" деп жала жаба бастады. Мені жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін, - дейді Назым Исаева.

Ал мекеме директоры күтушінің бұл сөзін жала деп отыр. Өйткені балаға ешкім де әлімжеттік жасамаған.

- Жатын бөлмелерге дейін камералар қойылған. Егер балаға қол жұмсаған біреу болса, біз бірден байқайтын едік. Бұған дейін де екі қызметкердің жұмыстан шығарылғаны рас. Олар балаға дөрекелік көрсеткені үшін жұмыстан босатылды. Ал төрт жастағы баланың жағдайына келсек, оны біреудің ұрып-соғуы мүмкін емес. Өйткені баланың ешкімге де зияны жоқ. Оның үстіне, қозғалмайтын бала болғандықтан, диагнозы бойынша сүйектері әлсіз. Қозғағанның өзінде сынып кетуі мүмкін ғой. Бұл - жала жабу. Біз де құдайдан қорқамыз ғой, - дейді Өскемен қалалық мамандандырылған балалар үйінің директоры Гүлнәр Даниярова.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс ашылып, тергеуалды жұмыстары жасалып жатыр. Баланың жамбасы гипсталғандықтан әлі медициналық сараптама жасалған жоқ. Сараптамадан кейін ғана жағдайдың анық-қанығы белгілі болмақ.

Следующая →