Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Биыл облыс бюджетіндегі қаржы қайта қаралды

Биыл аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формаларын алып беру үшін 33 млн теңге бөлініп отыр

Облыстық мәслихат депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеттің шығындарымен танысты. Қаржының көбі білім беру, денсаулық сақтау сынды әлеуметтік салалары мен құрылысқа жұмсалмақ. Мәселен, денсаулық сақтау саласы бойынша кардиохирургиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға 200 млн теңге жұмсалса, дәрі-дәрмек алу үшін 50 млн теңгедей кетпек. Ал білім беру саласына Өскемен және Семей қалаларында құзіреттілік орталығын ашу үшін 430 млн теңге, колледж ғимараттарын жөндеуге 140 млн теңге, оған әдістемелік құрал-жабдықтар алу үшін 300 млн теңгедей жұмсалмақ.

- Ал аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формаларын алып беру үшін 33 млн теңге бөлінеді. Одан бөлек, Зайсан ауданындағы "Мадина" балабақшасын күтіп-ұстау үшін 70 млн теңге жұмсалады, - дейді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Тұмашқызы.

Сонымен қатар, Өскеменде қаласының жолдары мен көшелеріне орнатылған камераларды бір жүйеге қосатын ғимараттың жөндеу жұмыстарына 1,1 млрд теңге жұмсалмақ.

Биыл да абаттандыру жұмыстарына мол қаржы бөлініп отырған ұқсайды. Мәселен, Өскемендегі "Самал" саябағын абаттандыру үшін қосымша 500 млн теңге бөлінсе, Алакөлдің жағажайын жасылдандыруға 245 млн теңге бөлінбек. Сондай-ақ, Алакөлдің жағажайына полицейлер мен акушер-фельдшерлерді орналастыру да жоспарланып отыр.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Бюджет 2019 жыл