Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аяулым Кенесова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үздік атанды

Өскеменде Ұлттық ұландықтар шаңғы жарысы мен оқ атудан өзара сынға түсті

13-19 наурыз аралығында қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке-командалық біріншілігі өтті. Жарысқа "Шығыс", "Батыс", "Орталық", "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ Ұлттық ұланның Әскери институты және Астана қаласының 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты.

Бәсеке барысында қатысушылар 34 спорттық разряд орындады. 40-қа жуық ұландықтар 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан ату, гимнастикалық белтемірде тартылу, сондай-ақ 10 шақырымға созылған шаңғы жарысында өзара додаға түсіп, мықтыны анықтады.

- Мұндай сайыстар салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортты дамытуға сүбелі үлес қосады. Одан бөлек, жеңімпаз және озық шыққан командалар Ұлттық ұланның ғана емес, халықаралық додаларда ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Амриев.


Біріншілік қорытындысында көрсеткіші жоғары болған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы топ жарды. Ұлттық ұланның Әскери институтының командасы екінші, ал "Орталық" өңірлік қолбасшылығының сарбаздары үшінші орыннан көрінді. Жарыс барысында әрбір қатысушы жеңіске деген жігер тантытып жоғары деңгейде ойын көрсетуге тырысты.

Осы орайда қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының біріншілігінде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының сапында ойын көрсетіп, 239 ұпай санымен І орынды иеленген, сондай-ақ белтемірдегі жаттығуларда 2-орынды жеңіп алған кіші сержант Еділ Садыбаевпен әңгіме өрбітудің сәті түсті.

- Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене тәрбиесін дамыту - олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажырамас бөлігі. Өзім студент кезімнен бастап спортпен шұғылданамын. 2014 жылдан бастап қысқы Президенттік көпсайысқа көңіл бөліп келемін. Әрбір адам салауатты өмір салтын ұстануы керек, - деп кіші сержант Еділ Қайратұлы өз ойымен бөлісті.

Кіші сержант Еділ Садыбаев Шығыс өңірінің тумасы, 3477 әскери бөлімінде 2008 жылдан бастап қызмет атқаруда. Бүгінгі күнде 3 ұлды тәрбиелеп отырған әскери қызметші 2017 жылы қысқы Президенттік көпсайыстан спорт шеберіне кандидат атанған, енді спорт шеберлігіне үміткер.

Біріншілік қорытындысы бойынша жекелей есепте үздік шыққандар мадақтама қағаздар, кубоктер және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біріншілік қорытындысына қарай, жеңімпаздар мен жүлдегерлерден Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы командасы жасақталып, олар ары қарай халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайтын болады.


3477 әскери бөлімінің маманы

қатардағы А. Кенесова




Следующая →