Өскемен
малооблачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ислам мәдениенің музейі ашылады

Облыс орталығы Өскемен қаласында бұрын соңды болмаған ерекше музей ашылмақ

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова "Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттік зайырлылық тірегін нығайту" тақырыбында өткен республикалық семинарында мәлімдеді.

Біздің заманымыздың VІІ ғасырында Арабия түбегінде пайда болған ислам - қазіргі кезеңде Жер бетіндегі бүкіл адамзаттың рухани өмірінің кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан ең соңғы дін. Мыңдаған жылдар бойы Құранмен бірге енген ислам діні мен араб тілінің әсері көптеген ұлыстармен қатар қазақ халқының да діни, саяси, мәдени, тілдік және әлеуметтік қарым-қатынастарына зор ықпал еткендігі тарихтан мәлім. Жалпы әлемде бүгінде сол Ислам тарихынан сыр шертіп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) заманынан бері сирек кездесетін Құран қолжазбалары мен артефакттары сақталған музейлер көп емес. Олардың қатарына Ислам мәдениетінің музейі (Доха, Катар), Ислам мәдениеті музейі (Египет, Каир), Түрік және ислам мәдениеті музейі (Түркия, Стамбул), Ислам өнерінің музейі (Куала-Лампур, Малайзия), Шарджа ислам өркениетінің музейін (Шарджа, БАӘ) жатқызуға болады. Сонымен қатар, Нью-Йоркте Митрополитен музейіндегі Ислам көркем галереясын да атап өтуге болады. 2011 жылы ашылған галерея - АҚШ-тағы ислам өнерінің ең үздігі. Енді дәл осындай музей өзімізде де ашылады және ол облыстық "Халифа Алтай" мешітінің базасында орналаспақ.

- Осы жылдың аяғына қарай "Халифа Алтай" мешітінде Ислам мәдениеті музейі ашылады. Барлықтарыңыз білетіндей, 2 жыл бұрын бұл мешіт, тіпті, бірқатар голливуд жұлдыздарының қызығушылығын тудырған болатын. Енді мұнда мыңжылдық тарихқа арналған жұмыстар, соның ішінде керамика, архитектура, исламның түрлі дәуірлерінен кілемдер, сирек кездесетін жәдігерлер ұсынылатын болады. Жалпы музей аймақтағы мұсылмандықтың тарихын айғақтап, мәдениет саласына, тұрғындардың руханиятына зор үлесін қосады деп сенеміз. Музей - заманауи, интерактивті, цифрландырылған музей болады. Ішінде тағы да кітапхана орналасады. Келушілерге экскурсия жүргізіледі, - деді Әсем Бекқызы.

Осылайша енді аймақта мәдени орталықтарының мұсылман құснихатымен көркемделген жәдігерлер музейі пайда болады.

Следующая →