Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Тәуелсіздік даңғылының атауы өзгереді

Облыс орталығындағы даңғылдардың біріне Тұңғыш Президенттің есімі берілмек

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.

- Қазақстан астанасын Нұрсұлтан деп атауды ұсынамын,- деді Тоқаев.

Бұған қоса Тоқаев тұңғыш президенттің құрметіне ел астанасында монумент орнатуды, барлық облыс орталықтарындағы басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.

Президент қызметіне кіріскен Тоқаев алғашқы жарлығымен Нұрсұлтан Назарбаевқа “Халық қаһарманы" атағын беріп, "Алтын қыран" орденін тапсырды.

Тоқаев Назарбаевты "саяси ұстазым" деп атап, алғысын білдірді.

Арасы 2 сағаттың ішінде Қазақстан Парламенті Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдады. Мәжілістегі 103 депутат, сенаттағы 43 депутаттың барлығы бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

- Бұл - тарихи шешім, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин.

Депутаттар Тоқаев ұсынысын “тарихи қадам" деп бағалады. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова астана атауын өзгертуді “тарихи қадам" деп атаса, тағы бір депутат Бекболат Тілеухан бұл ұсынысты "тарихи, әділ шешім" қабылдауға себеп болады деп санайды.

Дәл осы күні сағат 16.00-де Өскемен қаласында мәслихаттың кезектен тыс сессия отырысы болып, Тәуелсіздік даңғылын – Нұрсұлтан даңғылына ауыстыру шешімін қабылдады. Енді облыс орталығы - Өскемен қаласында Тұңғыш Президент есімімен аталған даңғыл бар.

Следующая →