Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алакөлге көлікпен жету "ғанибет"

Алакөлдің жолы биыл жөнделіп бітпейді. Сондықтан көл жағасына пойызбен, ұшақпен барған тиімдірек

Алматы мен Өскемен қалалары арасында ірі магистраль салу жұмыстары басталғаны белгілі. Алматыдан Талдықорғанға дейінгі жол салынып бітті, енді Талдықорғаннан Қалбатауға, Қалбатаудан Өскеменге дейінгі жол әлі салынып жатыр. Бұл магистраль биыл салынып бітпейді. Сондықтан елдің ірі туристік демалыс аймағына айналған Алакөлге көлікпен барып қайту биыл да қиын болмақ. 
- Өскеменнен Алакөлге дейін 600 шақырым десек, соның Таскескенге дейінгі 400 шақырымында жол жөндеу жұмыстары жасалады. Сол себепті жол телімдерін айналып жүруге тура келеді. Былтыр Мақаншыдан Жалаңашкөлге дейінгі жол былтыр жөнделіп біткен болатын. Енді Таскескеннің маңайындағы шағын жол телімі биыл жөнделіп бітеді. Сонда магистраль жолдың бұрылысынан Алакөлге дейін ғана емін-еркін жүруге болады, - дейді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Өңірдің туристік орталығына айналған Алакөлге автокөлікпен емес, пойыз не ұшақпен барған тиімдірек болып отыр. Былтыр облыс қазынасы есебінен Семей мен Өскеменнен Алакөлге қарай қатынайтын пойызға субсидия бөлініп, арзан бағамен теміржол билеттері сатыла бастаған болатын. Былтыр шілде-тамыз айларында пойызбен Алакөлге 19 мың адам барған екен. 
- Пойыз тек жазда ғана жүреді. Егер Алакөлдің бойыа қонақ үй салынатын болса, онда пойыздар күз бен көктемде де қатынауы мүмкін, - дейді басқарма басшысы. 
Одан бөлек, Семейден де, Өскеменнен де, Астана мен Алматыдан да Үржарға ұшақ қатынауда. Алдағы екі жылдың ішінде Үржардағы әуежай да кеңейтіліп, ұшып-қону жолағы үлкейтілетін болады. Сонда Астана мен Алматыдан келетін ірі ұшақтарға да қонуға мүмкіндік болмақ. 
Следующая →