Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дабыл құрылғыларына қаржы жоқ

Шығыс Қазақтан облысы өрт шығу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Амангелді Шегетаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді

Бұл туралы ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Амангелді Шегетаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Әйтеуір, көш бастаудан жан салмаймыз. Дегенмен қазір аймақтың аудан-қалаларында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында тұрмысы төмен отбасылардың үйлерін тексеру, аралау шаралары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, өрттің көбі пешті дұрыс жақпау мен электр сымын ауыстырмаудың себебінен және тұрмысы төмен отбасылардың баспаналарынан шығып жатқанын мойындап отыр. Жалпы ШҚО-да жаңа жыл басталғалы тек 1 айда 99 өрт тіркеліп, қайғылы жағдайлар да орын алған.

- Тұрмысы төмен отбасылардың үйінде жиі өрт болады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғагда 13,8%-ға көп. 2 адам қаза болды. 5 адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Оның басым бөлігі жеке секторлы үйлерден шығып отыр, - дейді Амангелді Шегетаев.

Маманның айтуынша, департаментте тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың арнайы тізімі жасалған. Онда 1034 отбасы бар.

- 2018 жылы үйдегі улы газдың бар-жоғы туралы белгі беретін 58 құрал көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне (Үржар - 50 Өскемен -5, Семей – 3), 2017 жылы - 25 үйге үлестірілген, - дейді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Амангелді Шегетаев.

Енді осы жылы "Өрт сөндіруші" АҚ иіс сезгіш 20 құрылғыны алуға қолдау көрсетпек. Демек, департаментте құрылғыларды көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың барлығына беруге қаражат көзі қарастырылмаған. Есесіне, насихат пен ескертпе қағаздарына өткен жылы ғана 2 913 000 тг бөлінген. Алайда әр жерде бір жататын қағаздардан қарағанда дабыл құрылғысының пайдасы көп екендігін департамент басшысының орынбасары да растап отыр.

- Аймақтың кез келген тұрғыны өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталмыш автономды құралды өздігінен орната алады. Оған арнайы дайындықтың да қажеті жоқ. Тек қана қуаттандыратын батереясын ауыстырып тұрса болғаны. Мұндай тұрмысы төмен жанұялардың үйіне иіс сезгіш датчиктер орнату керек. Қалған отбасыларға да датчик алу үшін әкімдік бюджетінен қаржы қарастырылуда, - дейді Амангелді Шегетаев.

Жылпы өткен жылы департамент мамандары облыстағы 258 947 ауланы аралап шыққан. Белгілі болғандай, оның 50 пайызында үй иелері мамандарға үйге кіріп, пештің жағдайын қарауға қарсылық танытқан.

Следующая →