Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да көпбалалы аналар балабақша төлемінен босатылады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақтағы көпбалалы аналармен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдады

Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар мен аналар үшін аймақта жасалтын жағдайларға тоқталды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайтының тілшісі.

Енді Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар балабақша төлемінен босатылатын болды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өзі мәлімдеді.

- Осы санаттағы қанша балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баратынын анықтадық. Бюджеттен тиісті қаражат бөлеміз. Аймақтағы барлық көпбалалы аналар балабақша төлемінен босатылады. Бұдан ертерек те қолға алуға болар еді. Алайда қазіргі уақытта біз дәл осындай шешімге келдік, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы көпбалалы отбасындағы мектеп жасындағы балаларға тегін мектеп формасы берілетінін айтты. Ол үшін облыс бюджетінен 500 млн теңге бөлінбекші.

- Бұрын көпбалалы отбасындағы балаларды тегін мектеп формасымен қамту үшін 129 млн бөлгенбіз. Ал енді бұл сомаға тағы 500 млн теңге бөлуді қарастырып жатырмыз. Яғни, әрбір бала үшін 22 мың теңге бөлінбек. Мәселен, егер отбасыңызда мектеп жасындағы 5 бала болса, оның әрбіріне 22 мың теңге форма үшін беріледі, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, облыс әкімі көпбалалы отбасылармен наурыз айында тағы да жүздесіп, бірқатар мәселелер мен тапсырмаларды пысықтамақ.


Следующая →