Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жексенбі күні орын алған жол апатының жай-жапсары белгілі болды

ЖКО Өскемен-Риддер тас жолында Белоусовка кентіне жақын маңда орын алған

Қала сыртындағы жолдардың бірінде орын алған апатта ВАЗ-2114 пен Lexus маркалы жол талғамайтын көліктер соқтығысқан.

Куәгерлер әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбада байқалғандай, ресейлік көлік қатты зақымданған. Ал Lexus-тың алдыңғы корпусы зақымдалған. Бейнежазба астындағы жазбаларда көліктердің бірінде адамдар қысылып қалғанын жазған.

- Lexus-ты 56 жастағы жүргізуші басқарған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Ол Өскемен бағытында жүріп келе жатып,алдындағы 66 жастағы жүргізушісі бар Lada көлігіне соғылған. Оқиға салдарынан ресейлік автокөлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде кәмелетке толмаған қыз жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, қорғау органдарының қызметкерлері апат бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-тармағында көрсетілгендей "Адамның денсаулығына елеусіз зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша алдын ала тергеуді бастады.

Осы бапқа сәйкес, кінәлі екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

 

Следующая →