Защитадағы жер үсті өткелі қардан тазартылды
Бүгін таңертең "Өскемен Тәртіп" мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының қызметкерлері бұл аумақта жұмыстарын орындады
Сағат 5.30-да Защитадағы көпір қардан тазаланды, деп хабарлады Устинка LIVE. Коммуналдық компания қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолы мен баспалдақты омбы қар мен мұздан тазартты.
Енді мұнда жүру әлдеқайда ыңғайлы болды және ең бастысы - қауіпсіз. Естеріңізге сала кетейік, кеше оқырман жаяу жүргіншілер өтетін жолдың қардан көрінбейтінін айтып, шұғыл желіге бейнежазба жіберген.
Тақырыптар:
Очистка снега в Усть-Каменогорске Коммунальные службы Усть-Каменогорска КГП "Өскемен-Тәртіп"