Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да екі балаға иіс тиген

Көмірқышқыл газымен уланған балалардың әкесі әкімшілік жауапқа тартылды

Шемонаиха ауданында иіс газына уланған балалардың әкесі әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқыс жағдай 10 ақпан күні Шемонаиха ауданындағы Камышинка ауылында орын алған. Аудандық ауруханаға кешкі уақытта 13 және 16 жастағы қыз бала мен ер бала жеткізілген. Балалар бастары айналып, жүректері айнитындығына шағымданған. Иіс тиюі мүмкін деген күдікпен дәрігерлер балаларды реанимациялық бөлімге жатқызып, өрт инспекторларына хабар берген.

- Шемонаиха аудандық ТЖБ мамандары жасөспірімдердің тұратын үйіне барған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Тексеру шаралары кезінде үй иесі пештің түтіндігін соңғы рет көктемде тазартқандығы анықталған. Құдықтар мен түтіндіктің мойны уақтылы тазартылып отырмағандықтан, жиналған күйе түтіннің сыртқа шығуына кедергі келтірген. Осы талаптарды сақтамаған балалардың әкесі әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қалыпты, жақын күндері үйлеріне шығарылады.

Өрт сөндірушілер жер үйлерде тұратын азаматтарға тиянақты болуды ескертеді. Бұл жолы ешкім аса ауыр зардап шекпеді. Бірақ барлығы басқаша болар еді. Иіс газы көзге көрінбейді әрі исі де жоқ боғандықтан, бірнеше минуттың ішінде уланып қалуға болады. Сондықтан да осыны үнемі есте ұстап, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Тәжірибе көрсеткендей, пештегі, қайырмадағы жарықтар, мұржаның бітелуі, түтін сорғысының болмауы салдарынан көбінесе оқыс жағдайлар орын алып жатады екен.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталғалы бері иіс газынан 38 адам зардап шексе, оның бесеуі көз жұмды.

Өрт сөндіру қызметінің мамандары үнемі аулаларды аралап, азаматтарға қауіпсіздік шараларын ескертіп шығады. Көп жағдайда тұрғындар мамандардың ескертпелерін тыңдайға құлықсыздық танытып жататын көрінеді. Өйткені ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, орта есеппен 100 үйді аралап шыққан уақытта ондағы 30 шақты адам мамандардың сөзіне құлақ аспайды екен.

Следующая →