/ Усть-Каменогорск и ВКО

Екі қазақстандық команда да үйдегі кездесуде жеңіске жетті

"Торпедо" челябиндік "Челметке" айтарлықтай соққы берсе, "Сарыарқа" қарағандылықтарға қала күніне сый жасап, қорғанның "Зауральесін" жеңді
11 ақпан 2019 года, 11:15 967 Валерий Чернов
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Оба казахстанских клуба одержали победы в домашних встречах чемпионата ВХЛ
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © vhlru.ru

Екі қазақстандық кулб та ЖХЛ-2018/19 дәстүрлі чемпионатында басым түсті: "Сарыарқа" – "Зауралье" 5:2 (1:0, 4:1, 0:1) және "Торпедо" - "Челмет" 7:3 (3:1, 2:2, 2:0).

ЖХЛ-2018/19 дәстүрлі чемпионатының 100 пайыздық плей-офф қатысушысы белгілі болды. Ол – ресейлік маман Леонида Тамбиевтің бас бапкер лауазымына келуімен жақсара түскен қарағандылық "Сарыарқа". Жарыс өткен күні, яғни, 10 ақпанда Қарағандының туған күні тойланып жатқан. Сондықтан жергілікті команда жерлестеріне екі есе мереке сыйлай білді. "Сарыарқа" - Жібек жолы кубогіне қатысатын оныншы команда

Енді тағы алты бос орын бар. Оның біріне өскемендік "Торпедо" үміткер. Кеше торпедолықтар ТОП-16 ену үшін қарымды қадам жасап, челябиндік "Челметті" 7:3 есебімен ұтты.

Осы ойын "Торпедоны" турнирлік кестеде 15-орынға жайғастырды: 52 ойын, 56 ұпай, шайба – 156:135.

Матч статистикасы:

қақпаға шайба лақтыру - 45:42,

қақпа жармасына соққы - 29:27,

лақтыру - 43:23,

айыптар - 18:6.

Айта кетейік, жарыс жексенбі күні Б. Александров атындағы Спорт сарайында өткен. Ойынды екі мыңға жуық көрермен тамашалады.


Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз