Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Азайып кеткен сазанды қазанға қайтып саламыз?

2011-2012 жылдары өңір ғалымдары мен инспекторлары Ертіс алабында сазан мен көксеркенің азайып кеткенін айтып үлкен дабыл қаққаны есімізде

Мәселенің өзі мемлекеттік деңгейге дейін жетіп, сазан мен көксеркені сақтап қалу үшін арнайы заң да қабылданған.

Сазан мен көксеркенің азайып кеткендігі сонша - оны аумен аулауға толық тыйым салынды. Қытайдан келетін мұндай мөлдір аулар жібі нәзік болғанымен, өте берік әрі сыйымды келеді. Ал браконьерлер мұндай ауларды суда тастап кетеді де, не жыртылмайтын, не жоғалмайтын жіптер талай балыққа қатер төндіретіні түсінікті. Сондықтан Шығыс Қазақстанның ихтиолог ғалымдары бір ауыздан үлкен ғылыми негіздемемен ұсыныс жасап, мұндай ауларды құрмақ тұрмақ, оны шекарадан өткізбеуге дейін заң тұрғысынан тыйым салу үшін күресті.

- Соның арқасында сазан мен көксеркені аман алып қала алдық. Қос балыққа да сұраныс өте жоғары болғандықтан, браконьерлер мен басқа да балықшылардың бей-берекет аулауының кесірінен азайып кетті. Бұл балықтардың барлығы осыдан сексен, елу жыл бұрын Арал мен Атыраудан Зайсан мен Бұқтырмаға әкелініп, қолдан жерсіндірілген. Яғни, сазан мен көксерке Ертісте мүлдем болмаған. Қазір, шамамен, Зайсан көлінің өзінде 23 миллиондай көксерке мен 24 миллиондай сазан қалды. Алайда бұл өте аз. Оның үстіне, бұрынғыдай ірі сазандар да кездеспейтін болды. Сондықтан оны аулау лимиті екі есе азайтылды. Қазір Зайсан көлінен жылына тек 500 тонна ғана көксерке аулауға рұқсат берілген, - дейді Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Алтай" филиалының директоры Сымбат Ануарбеков.

Ал Алакөл мен Сасықкөлде сазан мен көксеркені аулауға мүлдем тыйым салынған. Десе де "таяқтың екі ұшы бар" демекші, бұл тыйымдардың барлығы балықпен күн көріп отырған ауыл халқына ауыр тиюде. Жергілікті ғалымдар да мұны түсініп отыр.

- Бірақ балық саны шектеулі ғой. Оны аман алып қалмасақ, ертең мүлдем құрып кетпек. Оның үстіне, Елбасымыз халықтың әл-ауқатын көтеруге мән беріп отырғаны тағы белгілі. Соңғы жолдауында балық шаруашылығын дамыту керектігін айтқан еді. Сондықтан біз жергілікті кәсіпорындармен серіктестік орнатып, кәсіптік балық шаруашылығын дамытуға мән беріп отырмыз, - дейді ғалым.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан аумағында балық шаруашылығының үш түрі қолданылуда. Оның бірі балықтарды өзен-көлден аулап сату болса, екіншісі тоғандар мен шарбақтарда уылдырықтан балық өсіру, ал үшіншісі балық өсіріп, оны өңдеп, өнім жасау болып отыр.

- Ал балықтарды табиғи ортасынан азайтып алмас үшін оны тоғанда өсіріп, содан өнім жасаған өте тиімді. Қазір қай балыққа сұраныс өте жоғары? Әрине, көксерке мен сазанға сұраныс көп. Бүкіл Еуропа мен Ресей, көрші Қытай көксеркенің етін жейді. Ал қазаққа сазаннан артық балық жоқ, еті жұмсақ әрі тоқтының етіндей семіз келеді, - деп ойымен бөлісті Сымбат Мұхаметбекұлы.

Ал қазір қос балықты да көбейтудің бірден-бір жолы ол шабақтандыру болып отыр. Алайда осы екі балықтың шабағын өсіру, оны табиғи ортаға жіберу үлкен мәселе болып тұр. Ең алдымен, облыста уылдырық алып, одан балық өсіріп шығаратын "Бұқтырма балық өсіру шаруашылығы" атты кәсіпорын-цехтің қазір жағдайы мәз емес. Білікті мамандар мен қаражат аз, мемлекеттік қолдау жоқ.

- Бірақ қазір кәсіпорынды қайта құру жұмыстары жасалып жатыр. Астанадан келген инвестор цехті жөндей бастады. Кәсіпорын толық күшпен жұмыс істесе, балықты көптеп өсіруге мүмкіндік болатын еді, - дейді ғалым.

2012 жылдан бері сазан мен көксеркені шабақтандыру ісі қолға алынғанымен, ғалымның айтуынша, мұның барлығы балық санын қалпына келтіруге аз. Мәселен, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы берген мәліметтерге жүгінсек, жергілікті бюджет есебінен 2016-2017 жылдары 640 мың сазан шабағы көлге жіберілген. Алайда былтыр шабақтар алаяқ мердігерлердің кесірінен суға жіберілмей қалды.

Бюджет есебінен жіберілетін шабақтармен бірге балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар да жыл сайын көл мен тоғандарға шабақ жіберіп отыруы тиіс. Мәселен, биыл кәсіпкерлердің көмегімен Зайсан көліне 5 млн жуық сазан, 1 млн жуық көксерке шабағы жіберілсе, Бұқтырмаға 2 млн жуық сазан мен 220 мың көксерке шабағы жіберілген екен.

- Бірақ бұл жеткіліксіз. Үкімет тарапынан да дәл осы көлемде шабақ жіберілуі керек болатын, - дейді бас ихтиолог.

Мәселені шешу үшін қазір үкіметте елде балық шаруашылығын 2030 жылға дейін дамытуға арналған арнайы бағдарлама қарастырылып жатыр. Бағдарламаға шабақ асырау үшін субсидия беру туралы шешім енгізілуі мүмкін. Ал кәсіпкерлер бұған дейін тек құрал-жабдықтар мен балық жемін алу үшін ғана мемлекеттен көмек алатын, енді шабақ өсіргені үшін де жеңілдіктер берілуі ықтимал.

- Ғылымсыз өнеркәсіп дами алмайды. Сондықтан жасаған зерттеулеріміздің негізінде жаңадан өнеркәсіп құруға, балық шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуға жұмыс істеудеміз. Қазір облысымызда бекіре балығы өңделіп, уылдырығы нарыққа шыға бастады. Ал бұл балықты өсірудің негіздемесін компания үшін біз жасап бергенбіз, - дейді зерттеуші.

Осы орайда айта кеткен жөн, облыста биыл көксеркені өсіру үшін "Балық ресурстарын өңдіру орталығы" атты арнайы мекеме құрылып, жыртқыш шортандар мен көксеркені бір ортада өсірудің ғылыми негіздемесін жасау үстінде. Сондықтан ғылым мен кәсіпорынды тығыз байланыста болса, сазанды да, көксеркені де өсіруге мүмкіндік бар көрінеді.

Следующая →