Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жастар жылы – жаңа серпін бастауы

Жастар - кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан елбасымыз елдің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, биылғы жылды "Жастар жылы" деп жариялады

Осыған орай, өңірлерде түрлі шаралар бастау алды. Солардың алғашқылары болып Өскеменде қалалық және облыстық жастар ұйымдары өкілдерінің, жұмысшы және студент жастардың, қала тұрғындарының қатысуымен "Тәуелсіздік ұрпақтары" жастар жылының ашылу салтанаты өтті.

Шарада ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалақаман Сарин, Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпакова,Олимпиада ойындарының жүлдегері, кәсіпқой бокстың шебері Қанат Ислам және "Алтай" волейбол командасының мүшесі Кристина Аникинова қонақта болды.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған Өскемен қаласының әкімі 2019 жылы жастарға арналып футбол алаңы және жастар сарайы салынатындығын, сондай-ақ, 2016 орындық жаңа студенттер жатақханасының бой көтеретіндігін айтты.

- Кез келген мемлекет өзінің дамуын көздейтін болса, ең бірінші жастардың жағдайын жасауы керек. Себебі жастар мемлекеттің болашағы, елдің ертеңі. Сондықтан да біздің кемеңгер Елбасымыз қашанда елдің саясатын өзінің сабырлығы мен жігеріне арқа сүйей отырып жүргізіп келеді. Соның бір айғағы, 2019 жылды - Жастар жылы деп жариялауы. Осы орайда, Өскеменнің алпыс екі тамыры халқым деп, елім деп соққан өрендері биылғы жылды ерекше көіңіл-күймен, айрықша жұмыспен, үлкен сергектікпен өткізеді деген ойдамын, - дедіӨскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Жиынға келген қонақтар Өскемен қаласының өскелең ұрпақтарына өз естелік сыйлықтарын табыс етті. Мәселен, Қалқаман Сарин жас қалам иегері,жас ақын Ерасыл Ермековқа қаламын сыйға тартса, Қанат Ислам Шығыстың үкілеген үміті, жас боксшы Бауыржан Сәтжановқа былғары қолғап берді. Ал Ольга Рыпакова артынан ерген жас спортшы, жеңіл атлет бойынша Азия чемпионы Элизавета Матвееваға кубок табыстады. Кристина Аникинова Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің волейбол командасына өз добын сыйлады.

- Елбасымыздың аузынан шыққан, ұлағатты сөз елордадан бастау алып шығыстан шыққан күндей жарқ етіп, Өскемен жастарының қолдауымен өз жалғасын тауып жатыр. Қашанда игі істердің қолдаушысы болатын, дер кезінде бастамашысы болатын осы, жерлестеріммен, бауырларыммен мен қашанда мақтанамын. Тек қана жыл емес, білімді болсаң тұтас ғасыр сенікі. Сондықтанда еліміздің туын тік көтеретін, алаштың ұл, қыздары көп болсын дегім келеді, - деді азулы ақын Қалқаман Сарин.

Шығыс жастарына арналған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Патриоттық тақырыптағы әндер шырқалып, әскери қойылымдар көрсетілді.

Следующая →