/ Усть-Каменогорск и ВКО

Өскемен қаласының "ерекше" тұрғынына жаңажылдық тосынсый жасады

Даун синдромы бар 20 жастағы Алина Кошелеваға ресейлік мәнерлеп сырғанаушының қатысуымен өтетін шоуға билет табысталды
11 қаңтар 2019 года, 11:47 1302 Анна Коцарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - "Особенной" жительнице Усть-Каменогорска подарили новогоднее чудо
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Устинка LIVE

Даун синдромы бар 20 жастағы Алина Кошелеваға ресейлік мәнерлеп сырғанаушының қатысуымен өтетін шоуға билет табысталды

Алина Кошелева 20-ға толып қойғандықтан жаңажылдық шараларға шақырылмайды. Алайда бойжеткен халық көп жиналатын мерекеге қатысқысы келген. Қызының қоғамнан оқшауланбай, халық арасына шықсам деген ынтасын көрген анасы Светлана Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жанайқайын жеткізген жазба қалдырған.

- Жас қаншаға келсе де, бәрі бір бала болып қала бермек. Күнделікті қандай да бір ғаламатты күтетін бала, - деп жазба қалдырған Светлана Кошелева желтоқсан айында. - Оған мереке ұйымдастыруға көмектесіңіздерші!

Шарасыз ананың жазбасын "Қазмырыш" компаниясының әкімшілік сұрақтар бойынша атқарушы директоры Андрей Лазаревтің көзі шалып қалған.

- Андрей Павлович бала кереметті күткен болса, ол керемет қайткен күнде де орындалуы керек деп шешкен, - дейді компания өкілі Евгений Фоминых. - Бүгін біз Светлана мен Алинаны шақырып, бүгінгі мұз айдыны шоуына шақыру билетін және компания атынан шыған сыйлығымызды ұсынғымыз келеді. Біз Алина үшін бүгінгідей тамаша мерекеден басталған жыл қызыққа, ғажайыпқа, кереметке толы болады деп сенеміз.

Алинаның қуанышында шек жоқ. Анасы да қамқорлық танытқан жандарға алғыс айтып жатты.

- Біз үшін ең айтулы оқиға, - дейді Светлана. - Менің балам үшін осындай шоуға бару - нағыз ғажайыптың өзі. Тек Алина емес, тіпті мен де ерекші сезімдемін. Сіздерге үлкен рахмет!

Осылайша ересек баланың ерекше арманы орындалды.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз