/ Усть-Каменогорск и ВКО

Өскемендегі көшелердің бірін су басты

Оқыс жағдай бүгін таңғы 8.00 шамасында орын алған
11 қаңтар 2019 года, 11:36 1012 Анна Коцарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Одну из улиц затопило в Усть-Каменогорске
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © newstracker.ru

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеолар мен суреттерді бірден әлеуметтік желіде тарата бастаған.

- Михаэлис көшесі... Өту мүмкін емес, су басып қалған, - деп жазған Instagram желісіне бейнежазба салған азамат.

"Өскемен Водоканал" МКК хабарлағандай, қазіргі уақытта апаттық қызмет су ағуын тоқтату үшін барлығын жасап жатыр.

- Мамандар оқиға орнында, - деп жауап берді диспетчерлер. - Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Алайда диспетчердің сөзіне сүйенсек, апаттық жағдай болғандықтан оны қашан қалыпқа келтіретінін айту мүмкін емес.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз