Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Прокурорлар шығысқазақстандықтардың мәселесін қалай шешіп жүр?

Облыстық прокуратура жанынан құрылған құқыққорғау қызметінің орталығына соңғы бір жылдың ішінде ғана түрлі көмек сұрап 3000 адам жүгінген

Құқыққорғау қызметі орталығының негізгі міндеті - азаматтардың құқыққорғау органдарына деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою, сондай-ақ шағымдарды дереу шешуге атсалысу, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Жалпы 2018 жылы облыстық прокуратураға тұрғындардан 15 мың арыз түскен.

Мәселен, шығысқазақстандық азамат 84 жастағы әкесінің зейнетақы картасын 9 жыл бойы өзі пайдаланып келген. Өзгеден емес, өзегін жарып шыққан ұлынан зәбір көрген қария амалы таусылған соң облыстық прокуратура жанындағы құқыққорғау қызметінің орталығына жүгінген.

Банкоматтан зейнетақы алатын картаны иемденіп алған азамат 2009 жылдан бері әкесін зар қақсатып келген. Өтініш негізінде зейнеткердің ұлы облыстық прокуратураға шақырылған. Құрамында прокурор, адвокат, сот орындаушысы, медиатор, психолог және құқықтық статистика мамандары бар жұмыс тобымен кездскен соң, азамат банкомат картасын әкесіне қайтарып берген.


Следующая →