Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО ауруханалары тексеріледі

Облыс тұрғындары ауруханаларда тегін дәрілердің жоқ екендігін айтып көп шағымдануда

2018 жылдың соңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, "СК-Фармация" ЖШС мамандары тексеріс жүргізіп, Шығыс Қазақстандағы ауруханалардың дәрі-дәрмек бермеу фактілерінің жиілегенін анықтаған.

Өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек берілуі тиіс науқастардың барлығына берілген медикаменттерінің рецептісі мен берілген күні көрсетілген смс-хабарламалар жіберілген. Барлығы 191 мың адамға СМС-хабарлама жолданған. Егер науқастар бұл дәрілерді алмаған болса, онда СМС жіберілген нөмірге "0" санын жіберу керек болатын. Нәтижесінде қайта смс жолдаған үш мыңға жуық азаматтың 441-і мүлдем дәрі-дәрмек алмағаны, ал 32-сі қандай диспансерде есепте тұрғанын білмейтіні, 10-ы анда-санда ғана дәрі алып тұрғаны белгілі болған.

Ал дәрі-дәрмек алмағандардың көбі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан. Әсіресе, Защита темір жол ауруханасы, Өскемен қалалық №1 және №2 поликлиникаға шағым жасағандар көп.

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация және қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті тексеріп жүргізіп, шыққан нәтижелерге байланысты мәліметтердің барлығы құқық қорғау органдарына жолданады, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Ботагөз Жақсылықова.

Следующая →