Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Надежда Иванченко
Ақпарат көзі:
Устинка

50-ден астам шығысқазақстандық ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мұғалімдерді, дәрігерлерді, медбикелерді, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерін, кәсіпкерлерді, мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшыларын құттықтады

Марапаттарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова көктемгі су тасқыны кезінде батылдық танытқаны үшін, сондай-ақ, "Абай Арена" спорт кешені мен бүтіндей шағын аудан тұрғызып жатқан әйел-құрылысшы "Фирма Азия" ЖШС директоры Сәуле Дускужанова, ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақша күрес бойынша "Әлім барысы" турнирінің екі мәрте жеңімпазы Айбек Нұғымаров "Құрмет" орденімен марапатталды.
- Барлық құттықтаулар мен тілектерге рахмет. Мен еңбегіміздің бағаланып жатқанына өте қуаныштымын. Мен үшін марапат алу үлкен мәртебе. Барлықтарыңызға рахмет. Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! - деді Айбек Нұғымаров.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жазушы, драматург Медеу Сәрсеке "Парасат" орденімен марапатталды. Шемонаиха ауданының "Камышинское-2" ЖШС-ның 3-дәрежелі механизаторы Иван Войтовичке,"Востокцветмет" ЖШС машинисті Бауыржан Сейітжапаровқа, "Өскемен жылу желілері" АҚ механигі Евгений Фалинге  "Еңбек Даңқы" ордені берілді. 
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан  сіздерді құттықтау және марапаттау, мен үшін үлкен құрмет, - деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі марапат иелерін және олардың туған-туыстарын мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, шығысқазақстандықтарға елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Следующая →