Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Елбасының құрметіне арналған көрме ашылды

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздік алған жылдарынан бастап өзінің қызметтік сапарымен Шығыс Қазақстанға 24 рет келді. Бұл деректі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың мамандары да растап отыр

Тұңғыш Президент күніне орай, кітапханада Н.Ә. Назарбаевтың авторлық және президент жайлы басқа да саясаткер, сарапшылардың кітаптарынан, президенттік жылдар аралығындағы қызметтік хронологиясы кітаптарынан көрме және Елбасының 27 жылда Шығыс Қазақстанға келген іс-сапарындағы айтулы оқиғалардаң фотокөрмесі ашылды.

- Мерекелік көрме «Елбасы Шығыс Қазақстанда» деп аталады. Елбасымыздың есімін бүгініміз және ертеңімізбен байланыстырамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылда Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланғаннан бүгінгі күнге дейін біздің аймақта 24 рет болыпты. Өзіміз арнайы отырып, есептедік, - дейді облыстық кітапхананың маманы Жанна Сатпанова.

Көрмеде көзге түскен материалдардың бірі 90-шы жылы "Социалистік Қазақстан" республикалық газетінде журналист Оңдасын Елубайдың Елбасының Шығысқа іс-сапары туралы жарық көрген мақаласы болды. Сондай-ақ, 2016 жылы ресейлік авторлардың басып шығарған «Слова который изменили мир» кітабы да көрмеден орын алған.

- Слова который изменили мир» кітабында Конфуций сияқты ұлы адамдардың айтқан сөздерінен бастап Маргарет Тэтчер, Билл Гейтстің және тағы да басқа әлемдік аренада із қалдырған ғұламалардың сөздері жазылған. Сол кітаптың бір нұсқасы және мұқабасы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың суретімен басылып шықты және кітаптың алғы сөздері де президенттің "Өзіме жауапкершілік аламын және құзыреттілігімді пайдалана отырып Семей ядролық полигонын жабық деп жариялаймын" деген ойлы сөздерімен басталады, - дейді кітапханашы Жанна Сатпанова.

Өкініштісі, кітаптың қазақша нұсқасы әзірге жоқ екен.

Следующая →