Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде емхана ашылды

Күленов кентіндегі қалпына келтіріліп жатқан емхана Тұңғыш Президент күніне орай ашылды

Өскемен қалалық №2 ауруханаға қарасты поликлиника наурыз айында ашылуы тиіс еді, бірақ медициналық құрал-жабдықтар алып орналастыру үшін аурухананы ашу жұмыстары тағы біраз уақытқа кешіктірілді. Бұл ауруханаға Күленов кенті мен Жыланды ауылының, Жібек маталар комбинаты тұрғындары келіп жүгіне алады. Бұрын алыс жатқан ауданның азаматтары ауруханаға қаралу үшін қаланың өзіне қатынайтын еді.

- Ауруханаға қаралу үшін таңнан тұрып жолға шығу керек. Өзім осы ауданда тұрып жатқаныма 27 жылдай болды, ал осы ауданда аурухананың салынғанын он жылдай күттік. Бұл маңда зейнеткерлер де көп, балалар да көп, - дейді Нәби Қалмұхан есімді кент тұрғыны.

Қос қабатты шағын аурухананың ішінде рентген, УДЗ кабинеті болады. Терапевт, гинеколог, невропатолог, медбике сынды маңызды медициналық қызметкерлердің барлығы болмақ. Ауруханаға келген тұрғындар электронды түрде кезекке тұрып, керек дәрігеріне жүгіне алады.

- Өзім де Күленов кентінде тұрамын, сіздердің көршілеріңізбін. Осынау ғимараттың үш жыл бойы бос тұрғанын көріп, мұны неге халық игілігіне пайдаланбасқа деп ойладық. Елбасымыз биылғы жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру туралы айтты. Ал аурухананың ашылуы халықтың әл-ауқатын көтерудің, денсаулығын күшейтудің бірден-бірі жолы, - деді ашылу салтанатына келген облыс әкімі Даниал Ахметов.

Следующая →