ШҚО-да көлік жүргізушілері жол үстінен қасқыр көрген
Шығыс Қазақстан облысындағы ауданаралық жолда келе жатқан көлік алдынан қасқыр шық
Қасқыр айбат көрсетпей, үй иті сияқты көрінген.
Хайуан бірнеше минут бойы көлікті айналып жүріп, тамақ күткен көрінеді. Куәгерлер оның адамға жатсынбайтынын, қорықпайтынын байқаған. Бәлкім, жергілікті тұрғындар оны тамақтандырып жүрсе керек.
Айта кетейік, табиғатты қорғау мекемесінің мамандары жыртқыш аңдарға жақын жолау, әсіресе, тамақтандыру өте қауіпті екенін айтады.