Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде саперлер жарылғыш затты іздеді

Бүгін орталық базар ауданндағы Қазақстан көшесін полция қызметкерлері қоршап алған

Бейсенбі күні түстен кейінгі уақытта қаланың халық көп жүретін көшелерінің бірінде антитеррорлық шаралар жүріп, көшені толықтай тәртіп сақшылары жауып тастады.

Жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен көліктер Питер Коммунарлары мен Протозанов көшелері арқлы айналып қатынауға мәжбүр болды. Ал Полиция департаменті шынымен де осындай дүрлікпенің болғанын нақтылады. "Қазпошта" бөлімшесінен күдікті дорба анықталған.

- 12.30-да "102" нөміріне қоңырау түсіп, иесіз сөмке жатқандығы хабарланған, - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина. - Бірден барлық қызметтерге хабар беріліп, көше қоршауға алынды. "Қазпошта" бөлімшесінен барлық адамдар далаға шығарылды. Бір жарым сағат бойы бұл ғимаратта сперлер жұмыс жүргізді. Алайда жарылғыш зат жоқ болып шықты. Ол сөмке ешқандай қауіп төндірмеген.

Ізін суытпай сөмкесін ұмытып кеткен азамат та табылды. Тәртіп сақшылары бұл шақыртуды жалған деп де санамайды. Өйткені күдікті затты тауып алған азаматтар полиция қызметіне қоңырау шалып, дұрыс әрекет еткен. Ал егер жағдай мүлде басқаша орын алып, оған ешкім мән бермесе, арты қайғылы болар еді.


Следующая →