Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Мектеп оқушыларын "күшті" және "әлсіз" деп бөлуге болмайды

Елдің Білім және ғылым министрінің бұйрығымен оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері бекітілді. Жаңа құжатқа сәйкес, бірнеше өзгерістер орын алды

Атап айтар болсақ, енді мектептерде оқушылардың білім деңгейі мен даярлық, даму дәрежелері бойынша сыныптарға бөлуге, жіктеуге тыйым салынды.

- Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді, ал оқушыларды қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі, - деп көрсетілген 12 қазан күні жарияланған бұйрықта.

Бұдан бөлек, ерекше қабілеті бар, дарынды балаларды оқуға қабылдау үшін ата-ананың не заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация жасалып, соның қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына қабылданады.

Өскемен қаласы білім бөлімі басшысының м.а. Дмитрий Журавлевтің айтуынша, қазір балаларды білім деңгейіне қарай сыныптарға бөлуге болмайды.

- Мектеп әкімшілігі сынып жасақтар алдында балалардың дайындық деңгейіне қарап бөлмей, оқушыларды қабылдаудың типтік талаптарына сүйенуі қажет. Бір сыныптан бір сыныптың оқу үлгерімі жоғары болатыны онсыз да белгілі, - дейді Дмитрий Сергеевич.

Следующая →