Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Даниал Ахметов: Өскемендегі поликлиниканы салу жұмыстары тым созылып кетті

Аймақ басшысы Күленов кентінде салынып жатқан аурухананың құрылысына көңілі толмады

Ал Күленов кентінің тұрғындары неше жылдан бері күтіп жүрген небары екі-ақ қабатты емхананың жағдайы мәз емес. Аталмыш емхананың жұмысымен танысып қайтқан Даниал Ахметов құрылысы аяқталып, алайда пайдалануға берілмей отырған емхананың бүгінгі жағдайына сын айтты. Себебі нысанның дұрыс жобаланбауынан бөлек, емханаға әлі су мен жылу да берілмеген. Ал облыс басшысы өз кезегінде бұл мәселені тездетіп шешуді және іске қосуды қатаң тапсырды.

- Бұл жобаны қашан тапсырасыздар?! Бүгін 6 қараша, айлайда әлі күнге дейін жылу жоқ. Барлығы дайын дейсіздер. Мен келгенге дейін 2 күн ішінде кіріп көріп, жылу және су мәселесін шешуге болмады ма?! Менің келуімді күттіңіздер ме? - деп аймақ басшысы сынға алды.

Айта кетейік, аталмыш емхана ашылса, қаланың сол жағалауындағы 25 мыңға жуық тұрғыны осында тіркелетін болады. Өткені бұл аудандағы Болатов емханасы 60 мыңдай тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр.


Следующая →