Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    +10°
$
449.3
+0.72
489.69
+1.14
¥
62.42
+0.08
4.89
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде үй өртеніп, әйел адам көз жұмды

Северный ауылында бүгін таңертең жер үй өртеніп, тұрғын қаза тапты

Үйдің түтінге оранғанын көрген көршілер құтқарушыларға қоңырау шалып, хабар берген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіріп болған соң, үйдің ішінен газбен уланып, жан тапсырған әйелдің мәйітін тауып алған.

Ал марқұмның туған-туыстарының айтуынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілердің көлік цистернасында су жоқ болып шыққан.

- Төрт өрт сөндіру көлігі келді. Бірақ біреуінде де су жоқ. Келген бойда ғана су толтыра бастады, - дейді Евгений.

Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі бұған қатысты түсініктеме беріп, өрт сөндіру көлігіндегі судың екі минут бойы ғана шашып тұруға жететінін айтты.

- Судың қысымы тым жоғары. Бір секундта 40 литр су кетеді. Сондықтан өрт сөндірушілер суды қайта-қайта құюға мәжбүр. Алайда оқиға орнына сусыз келуі мүмкін емес, - дейді Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Ал 72 жастағы зейнеткердің қайтыс болуына отты дұрыс жақпауы себеп болған.


Следующая →