Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Надежда Иванченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО колледждері оқуда жоқ студенттер үшін грант алып отырған

ШҚО прокуратурасы аумақ колледждерінің қызметіне тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтарды, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады

Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде конкурстық рәсімдерді сақтамау, студенттерді жалған оқыту, гранттарды заңсыз тағайындау, оқытушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етпеу, сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті заңсыз жалға беруден табыс алу фактілері анықталған.

- Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Ережелері бұзылып, нақты айтқанда, басқа жерлерден келген студенттер жатақханалармен қамтамасыз етілмегеніне қарамастан, облыстың білім беру басқармасы жыл сайын Семей қаласының бизнес және сервис колледжіне, Аягөз қаласындағы политехникалық колледжіне және Өскемен қаласындағы екі колледжге гранттар берілген. Бұдан да басқа, осы студенттерге стипендия төленіп, мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 8 млн.теңге құраған. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - дейді ШҚО прокуратурасы.

Колледжердің аумағында мүлікті жеке мақсаттарында заңсыз пайдалану фактілері де анықталған. Мысалы, халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер училищесінің аумағында ұзақ уақыт ақылы автотұрақ орналасқан. Прокурордың ұсынымы енгізілген соң, автотұрақ жабылып, оның орнында спорт алаңшасын салу жоспарлануда.

Барлығы, тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар 43 млн.теңгедан асатын залалды анықтады. Қадағалау актілері бойынша бүгінгі күнге дейін 36 млн.теңге өндірілді. Тәртіптік жауаптылыққа 60 тұлға, әкімшілік жауаптылыққа 4 тұлға тартылды.

Следующая →