Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Зырянда қараусыз қалған әуежай қалпына келтіріледі

Аудан әкімшілігі бірнеше жыл қатарынан жұмыс істемей тұрған ұшу алабын ретке келтірмек

Зырян ауданы алдағы жылдары туризмді дамытуға ниетті. Бұл үшін облыс орталығынан тас жол салынуда. Ал келесі жылы әуежай қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қазір ұшу алабы қараусыз қалған. Алайда Кеңес үкіметі кезінде Зярын ауданының әуежайы үлкен сұранысқа ие болған болатын. Ол қаланың ортасында орналасқан, сол себепті барлық коммуникациялар сақталынған.

- Әуежай ғимаратын бір кездері кәсіпкер бес мың теңгеге сатып алған болатын, ал қазір 50 миллион сұрап отыр. Ол оған татымайды, - дейді Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов. - Аталған жерде бірнеше жыл бойы мал бағылуда. Сол себепті ғимаратты сатып алудың мәні жоқ, одан да жаңа ғимарат салған ұтымды.

Ал ұшу алаңы коммуналдық меншікте. Аудан басшысының сөзінше, әкімшілік әуежайды қалпына келтіру үшін бюджеттік қаражат салуға ниетті.

Следующая →