Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері оқытылады

Шығыс Қазақстанның жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері мен көмекші дәрігерлері шұғыл медициналық көмек көрсетудің жолдарын меңгермек

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі былтырдан бастап жедел жәрдем қызметін жасақтау бойынша бірнеше өзгерістер енгізген болатын. Сондай жаңалықтардың бірі "жедел жәрдемге" хабарласқан науқастарды төрт санатқа бөліп, соған сай шұғыл көмектің жету уақыты белгіленген еді. Одан бөлек, жедел жәрдем көлігіне дабыл белгісін қосып жүруге рұқсат беріліп, көліктің сырты да сары не тоқсары түспен бояла бастаған болатын.

- Былтырғы жылмен салыстырғанда жедел жәрдем көліктерінің белгіленген жерге жету уақыты біршама қысқарған. Яғни, қазір жедел жәрдем көліктері тез жетеді деген сөз. Жедел жәрдем көлігінің дабыл қосып жүруі Өскемен сынды көлігі көп қалалар үшін өте маңызды, - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Аталған бастамалардың жалғасы ретінде енді жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен фельдшер дәрігерлер де оқытылып, шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сай амал-тәсілдерін үйренбек.

- Өңір-өңірдегі жедел жәрдем дәрігерлерінің барлығы оқытылады. Оның ішінде, Шығыс Қазақстанның да дәрігерлері бар, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, облыстық әкімдікте өткен отырыста ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Семейде жедел жәрдем көліктерінің жетіспейтінін атап өтті. Мәселені айналып өтпеген облыс әкімі қосымша көлік сатып алу жолдарын қарастыруды тапсырып, Өзбекстаннан шығарылатын көліктердің сапалы екендігін ескертті.

- Өзбекстан мемлекеті Жапониямен бірлесе отырып, "Isuzu" маркалы көлігін жасап шығаруда. Сапасы жақсы, бағасы орынды. Бізге сондай көліктер қажет, - деді Даниал Ахметов.

Алайда Ресейден әкелінетін жедел жәрдем көліктерінен де бас тарту ойда жоқ екендігін еске салды.

- "УАЗ" автокөлігі таулы аймақтарда жүріп-тұруға ыңғайлы. Біздің аймақта ол көлікке балама жоқ. Демек, оны да сатып алу қажет, - деді аймақ басшысы.


Следующая →