Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қоғамдық кеңес мүшелері Өскемен дүкендеріндегі азық-түліктің бағасын салыстырып шықты

Азық-түлік бағаларын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобы FreshMarket, "Жәрдем" және "Волна" сауда орындарын тексеріп шықты

"Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Майраш Екібасованың айтуынша, аталған әлеуметтік дүкендегі бағалар соңғы уақыттары айтарлықтай арзандаған.

- Мәселен, FreshMarket гастрономындағы картоп, сәбіз, пияз сынды қажетті көкөністердің бағасы өткен аптамен салыстырғанда арзандаған. "Жәрдем" базарындағы ет пен ұнның бағасы да республикалық деңгейдегі бағалардан арзан. Біз тек екі рейд қана жүргіздік. Соның өзінде тиімді өзгерістердің орын алғанын байқап отырмыз. Сондықтан мұндай тексеріс жұмыстары үнемі жүргізіліп отыратын болса, онда баға тұрақты болады деген сенімдемін, - дейді Майраш Шайзадақызы.

Тексеріс жұмыстары нәтижесінде "Волна" дүкеніндегі азық-түліктердің бағасы қаладағы ең арзан бағалар болып шықты. Мұнда дәнді-дақылдар мен ұн, макарон өнімдерінің, көкөніс, нан, қанттың бағасы өзге сауда орындарымен салыстырғанда біршама арзан болып шыққан. 
Следующая →