Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменге 20 елден инвесторлар келді

Шетелдік қонақтар алдағы уақыттағы бірлескен жобаны талқылау үшін облыс орталығына жиналды

Бүгін Өскеменге әр түрлі елдерден 500 делегат келді. Сондай-ақ, шетелдік инвесторлар Altai Invest-2018 халықаралық форумына қатысты.

Іс-шара аясында қонақтарға Шығыс Қазақстан кәсіпкерлерінің 80 түрлі жобалары ұсынылды. "Резиденция аралы" аумағындағы үлкен шатырда түсті металлургия, ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау өнімдері орналасқан. Қысқасы, облысымыздың мақтан тұтатын басты өнімдері таныстырылды.

Инвестициялық жобалардың ішінде жергілікті зауыттың автомобильдері, алтайлық бал, бұғы қаны және сүт өнімдері, тіпті, жиһаздар да болды. Шетелдік қонақтар ұсынылған тауарларға қызығушылық танытты.

- Міне, "Эмиль" фирмасының айранынан дәм татып көріңіздер, - деп облыс әкімі Даниал Ахметов қонақтарға өнімді ұсынды. - Мен өзім осы өнімді тұтынамын!

Шетелдік елшілер сүт өнімдерін шын жүректен бағалап, "Алтай шалғындары" компаниясының таза етінен жасалған шұжықтың дәмін татты.

Көрмеден кейін қонақтар инвестициялық форумның пленарлық отырысына барды. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдар, ұлттық банк, даму институттары өкілдері, сондай-ақ Франция елшісі Мартин Филип, Корея елшісі Ким Дэ Сик, Венгрия елшісі Андрес Барани және басқа шетелдік қонақтар қатысты. Форумның қатысушылары инвестициялық жобалардың перспективаларын талқылады және ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойды.

- Бүгін біздің өңір үшін маңызды келісімдерге қол қойылды, - деді Даниал Ахметов. - Мысалы, Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы үлкен көпір салу жобасы. Қытаймен ынтымақтастықты дамыту маңызды. Біз қытайлық инвесторлар да бізбен әріптестік орнатқысы келетінін көріп отырмыз. Мәселен, Зайсан қаласында тракторлар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша бірлескен зауыт жұмыс істейді.

Следующая →