Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Гаваньдағы тұрғындар ауыз суға зәру

Облыс орталығында ауыз сусыз өмір сүріп жатқан 42 отбасының тағдыры ешкімді алаңдатпай отыр

Биыл көктем мауысындағы тасқын кезінде Гавань кентіндегі Үлбі өзенінің арнасы өз бағытын табиға жолмен өзгертіп, саяжай бірлестіктерінде тұратын 42 адам ауыз суынсыз қалды.

- Үлбі өзені арнасының бағыты өзгергеннен кейін, барлығымыздың құдығымыздағы ауыз су тартылып қалды, - дейді "Көгалдандыру" саяжай бірлестігінің тұрғыны Людмила Андреевна. - Кімнің үйінде тереңдетілген сорғысы барлар өзгелермен бөлісуде. Бірақ бұл да жақын күндері таусылады. Отбасылардың көбінің үйінде кішкентай балалар бар. Сондықтан да ауыз суы үнемі қажет.

Дәл осындай жағдай қарсы бетте де орын алған. Онда 350 саяжай орналасқан.

- Өткен жылы күзде өз қаржымызға арнайы техника жалдап, өзен арнасын тереңдеттік, - дейді "Көгалдандыру" саяжай бірлестігінің төрағасы Юрий Сухоруков. - Алайда биыл соның барлығы зая кетіп, өзен тиісті арнамен ақпай, біз мүдлде сусыз қалдық. Тұрғындардан 110 қол жинап, облыстық әкімдіктен біздің мәселенің шешімін табуыда көмек сұрап сұраухат жолдадық. Бірақ әлі ешқандай жауап алмадық.

Шынымен, редакция да "тұрғындар енді не істеуі керек?" деген сұраққа құзырлы органдардан ешқандай жауап ала алмадық. Өскемен қалалық әкімдігі Үлбі өзенінде биыл жұмыстар жүргізілмегенін ресми мәлімдеді.

Тұрғындар өз беттерімен бұл мәселені шеше алмасы анық. Сондықтан бұл мәселеге бола басы ауырып, балтыры сыздаған "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы ғана тұрғындар өздеріне тікелей жүгінсе, мәселенің шешімін табуға тырысатындықтарын жеткізді.



Следующая →