Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнен Зырянға жетуге екі сағат жеткілікті

Одан бөлек, Зырян қаласының аулалары да дәл Өскемендікіндей жөнделетін болады

Зырян ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов жол жөндеу жұмыстары жайына тоқталып, биыл Өскемен мен Зырян, Серебрянск жолдарын жөндеуге 700 млн теңге қаржы жұмсалғанын атап өтті.

Бұл шағын қалалар маңында бірнеше жол телімі жөнделіп жатыр. Оның бірі – Осинов асуы мен Көгілдір бұғаз демалыс базасына дейін салынып жатқан жаңа жол болса, екіншісі Жаңа Бұқтырма мен Өскемен қаласы арасындағы тас жолға жасалып жатқан жөндеу жұмыстары.

- Жөнделмей қалған тағы бірнеше жол телімі бар. Оған келесі жылы қаржы бөлеміз. Бұрын Өскеменнен Зырянға жету үшін үш сағат уақыт кететін болса, қазір екі сағатта жетуге болады. Ал Осинов асуының жолы салынып бітетін болса, онда Зырянға 40 минутта-ақ жетуге болады, - дейді Даниал Ахметов.

Келесі жылдан бастап облыс әкімшілі Зырян мен Серебрянск қалаларының аулаларын жөндей бастамақ.

- Абаттандыруға қаржы бөлеміз. Бірақ тұрғындардың да атсалысқаны керек. Тек қай ауланың тұрғындары белсенділіп танытып, айналасын күл-қоқыстан тазартып, шөбін жұлып, ретке келтірсе, сол тұрғындардың ауласы ғана абаттандырылатын болады, - деді облыс әкімі Зырян тұрғындарына.


Следующая →