Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Катонқарағай ауданында сібір жарасы ауруына байланысты карантин жарияланды

Аса қауіпті аурудан ауыл тұрғыны қайтыс болғаннан кейін, ауданда эпидемияға қарсы шаралар басталды

ШҚО-да Катонқарағай ауданының тұрғынынан сібір жарасы анықталғанына байланысты брифинг өтті. Мамандар қауіпті ауруды қай жерден жұқтырғанын айтты.

Кішінарын ауылының 47 жастағы тұрғыны 12 қыркүйекте мал сойғаннан кейін ауырған. Науқас елді мекендегі медициналық пунктіге тек төрт күн өткеннен кейін жүгінген. Дәрігер науқасты Орталық аудандық ауруханаға сібір жарасына күдік бар деген диагнозбен жіберген. 19-шы медициналық кеңестің шешімі бойынша, науқас Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың жұқпалы аурулар бөліміне санитарлық авиация арқылы жеткізілді. Дәрігерлердің бар күшіне қарамастан, 21 қыркүйекте науқас ер адам ауруханада көз жұмды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бұйрығына сәйкес, сібір жарасының себептерін анықтап, оны жоюға арналған жұмыс тобы құрылды. Топтың мүшелері аурудың таралу ошағына барды. Оның құрамына облыс әкімінің орынбасары, Катонқарағай ауданының әкімі, төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, білім беру бөлімінің, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшылары енді.

Ауылда сібір жарасын жұқтырған азаматпен байланыста болған 37 адам анықталды. Ол тұрғындардың барлығы 14 күн бойы бақылауда болып, антибиотиктер қабылдайды. Марқұммен байланыста болған өзге тұлғаларды іздестіру жалғасуда.

Сондай-ақ, мамандар 37 кг шикі еттің көзін жойды, ошақтағы барлық жерді дезинфекциялады. 39 ветеринар дәрігер 2900 ірі қара мал басына екпе екті. Екпе егу жұмыстары жалғасуда. Катонқарағай ауданының 13 ауылдық округінде 48 мың ірі қара мал басы, 90 000 ұсақ мал басы, 29 мың жылқы және 4000 марал бар.

Катонқарағай ауданы әкімінің жарлығымен 21 қыркүйектен бастап ошақ аймағында карантин жарияланды.

Следующая →