Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктерге сенбілік кезіндегі суреттерді желіге салу ұсынылды

Қаланы қоқыстан тазартуға бағытталған акцияға қатысуға тілек білдіргендер тазартылған аулалардың суреттерін Экологиялық патруль нөміріне жолдай алады

Тазалық актісі байқаусыз қалмас үшін Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары қалалықтарға сенбілік кезіндегі суреттер есебін арнайы сайтқа жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

- Кішкентай жерді болсын тазалағандар аумақтың тазаланғанға дейінгі және одан кейінгі суреттері мен координаттарын Экологиялық патруль нөміріне: 8-705-752-65-66 WhatsApp желісі арқылы жолдай алады, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева. - Біз ол суреттерді өзіміздің сайтта жариялаймыз.

Экологтардың пікірінше, мұндай шаралар көптеген қала тұрғындарын қаланы қоқыстан тазартуға жігерлендіреді.

Экологтардың өзі көпке үлгі болды. Жуықта Өскемен қаласын санитарлық тазарту бойынша айлық аясында Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары "Таза қала" акциясын өткізіп, Астана қаласы бойындағы жағалауды, сондай-ақ Мемлекеттік қызметкерлер аллеясын тазалады. Енді олар қала тұрғындары мен шенеуніктерді қаланы қоқыстан тазарту жұмыстарына шақыруда.

Экологтар жиналған қоқыстар тағы да қала бойынша шашылмауы үшін, тазалық орындары жайлы ақпаратты ПИК және ЖӨБК-ға хабарлауға кеңес береді. Коммуналдық қызметкерлер барлық өтінімдер бойынша жұмыс істеуге уәде берді.

Айта кетейік, аталған айлық 13 қазанға дейін жалғасын табады.

Следующая →