Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі Зырян қаласын Алтай деп атауға келісім берді

Моноқалаға іссапары кезінде Даниал Ахметов бұл экономикалық тиімді шешім екенін айтты

Зырян қаласының атауын Алтай деп өзгерту туралы әңгіме жаздан басталған еді. Бұл сұрақ халық пен қоғам мүшелері арасында кең талқыға түскен.

- Бұл Алтай өңірі, сондықтан осы атауды арқалауға құқылы, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Бұл туристік бизнесті дамытуға үлес қосады. Сол үшін жолдарды жөндеудеміз, туризмді дамытуға миллиардтар құямыз.

Биыл моноқаланың жолын жөндеуге 700 млрд теңге бөлінді. Одан өзге, облыс орталығынан Зырянға дейінгі тас жол жөнделді.

- Бір жағынан бұл – тарихқа оралу, екінші жағынан – туристерді тарту. Алтай – бұл бренд, - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, 28 қыркүйек күні Зыряндағы "Горняк" МҮ сағат 11.00-де көшелердің атауларын ауыстыру сұрақтары бойынша қоғамдық тыңдалым өтеді. Онда әр зярындық өз пікірін еркін жеткізуге құқылы.


Следующая →