Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Полиция қызметкерінің қателігі үшін мемлекет жауап берді

ШҚО тұрғыны ШҚО ІІД мен ҚР Қаржы министрлігінен моральдіқ залалды өтеуді талап етіп сотқа арыз жазды

Риддерлік азаматтың ісі 2013 жылы басталған. Сол кезде өзінің көзқарасын қалың көпшілікке жария еткісі келген атеистің ісі бүкіл республикаға жария болып, БАҚ жарыса жазған еді. Тәртіп сақшылары дінаралық қақтығыс туғызбақ болды деген күдікпен азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеу изоляторына қамап, бірқатар психиатрлық тексерістен өтуге мәжбүрлеген. Бес айлық қамау мен 25 күндік күштеп емдеуден кейін риддерлік азаматты қаладан шықпау туралы қолхатпен босатқан. Бұл қолхат 2018 жылдың сәуір айына дейін жарамды болған.


Бостандыққа қолжеткізген ол Өскемен қалалық сотына арыз жазып, ҚР Қаржы министрлігі және ШҚО ІІД-ден бес миллион көлемінде өтемақы талап еткен. Айта кеткен жөн, облыстық полиция сот тергеу үрдісі кезінде қылмыстық іс қозғау заңсыз екенін жасырмады. Бірақ тәртіп сақшылар өкілі соттан моральдік өтемақыны ҚР Қаржы министрлігіне жүктеуді өтінді. Ал қаржы мекемесі бағытты тәртіп сақшыларына бұрған. Бірақ сот соңында өз шешімін шығарды.

- Арызданушының ҚР Қаржы министрлігі мен ШҚО ІІД-ге талабы ішінара орындалсын, - деген шешім шығарды судья. - Республикалық бюджеттен арызданушының пайдасына 1 млн теңге және сот шығындарына 100 мың теңге өнідіріп алынсын.

Следующая →